100 жыл күткен той. Париж Олимпиадасы туралы қызық деректер

Ертең Париждегі жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Төртжылдықтың басты додасы 26 шілдеден 11 тамызға дейін жалғасады. “Екінші Тайм” арнасы Париж Олимпиадасы туралы қызық деректер ұсынады.

Париж Олимпиаданы үшінші рет қабылдап жатыр

Париж жазғы Олимпиада ойындарын өз тарихында  үшінші рет қабылдап жатыр. Осылайша, Лондонның жетістігін қайталады, Ұлыбритания астанасында 1908, 1948 және 2012 жылдары өткен.

Ал Франция астанасы жазғы ойындарды алғаш рет 1900 жылы қабылдады. Одан кейін 1924 жылы да спортшылар Парижге жиналды. Сонда Олимпиада Парижге 100 жылдан кейін оралып тұр.

1900 жылғы Олимпиада ойындарына 24 ел қатысқан. Бұл екінші жазғы Олимпиада болатын. Ал биыл Парижге 206 елдің спортшылары жиналып жатыр.

Ерекше ашылу салтанаты

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше болады. Ұйымдастырушылар үлкен іс-шара дайындап жатыр. Спортшылар әдеттегідей стадион ішінде емес, Сене өзенінде қайықпен жүзіп өтеді.

206 елден 10,5 спортшы үшін 80 қайық қолданылады.

Ал ресми іс-шара өзендегі шеруден кейін Эйфель мұнарасының маңындағы Трокадеро бағында өтеді. ХХХІІІ Олимпиада ойындарын Франция президенті Эммануэль Макрон ашады.

Ал ашылу салтанатын трибунадан 320 мың адам тамашалай алады.

Олимпиадаға алғаш енгізілген спорт

Олимпиада ойындарында алғаш рет би спорты бар, ол брейкинг деп аталады.

Халықаралық Олимпиада комитеті бұл спортты 2018 жылы Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында сынап көрген, нәтижесі бәріне ұнады. Спортшылар брейк-данс кезінде қиын комбинациялық қозғалыстар жасап, төрешіден көбірек ұпай алуға тырысады.

Одан бөлек Токио енгізілген  серфинг, скейтбординг пен құзға өрмелеу де Парижде сақталды.

Осылайша, биылғы Олимпиадаға 32 спорт түрі енгізілген, онда 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ерлер мен әйелдер саны тең

Алғаш рет Олимпиадаға қатысатын ерлер мен әйелдер саны тең болады – 50 де 50 пайыздан. Әр Олимпиада сайын ХОК бұл көрсеткішті теңестіруге тырысқан еді. Бір қызығы, ең алғаш рет әйел спортшылар 1900 жылғы Олимпиадаға қатысқан еді. Ол кезде де жарыс Парижде өткен.

Токиода әйел спортшылар үлесі 48,8 пайыз, Риода 45,6 пайыз болған еді.

Жарыстар Парижде ғана өтпейді

Серфинг жарыстары Таити аралында болады. Париж бен Таити арасы 15 700 шақырым. Бұл Олимпиада ойындарының рекорды саналады. Бұған дейін жарыс ұйымдастырушы қаладан осынша алыс болмаған.

Серфингшілер Франциялық Полинезиядағы Таити аралының Теахупоо атты ауылында жиналады. Бұл арал негізі құрлықтардан Аустралияға жақынырақ.

Медальдар Эйфель мұнарасынан жасалды

Парижде өтетін Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлер Эйфель мұнарасының бөлшектерінен жасалған медальдармен марапатталады.

Медальдардың салмағы 18 грамм, ол Франция картасының формасымен жасалған. Олар Эйфель мұнарасын бұрынғы қалпына келтіру кезінде пайдаланылған темірден жасалған. Бұл темірлер ұзақ жылдар бойы құпия қоймада сақталған екен.

Бұл идея Олимпиада мен Франция элементтері арасында символ байланысын орнату мақсатында ұсынылды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *