Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Кордейл Букер IBF және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек шыққысы келетінін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

“Бәрінен бұрын мен Остин Уильямспен кездескім келеді, есемді қайтарсам деймін. Мен өткен жекпе-жекте өзімді көрсете алмадым, сондықтан реванш алғым келеді. Бірақ егер мен бұл жекпе-жекке қол жеткізе алмасам, ештеңе етпейді. Ондай жағдайда чемпиондарға ұсыныс тастаймын. Эрисланди Лара, Карлос Адамес және Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқым келеді. Менің ең мықты жігіттермен рингте кездесуге шамам жетеді. Джарон Эннис, Дэнни Джейкобс, Шакур Стивенсон, Джарретт Херд, Джулиан Уильямс, Шон Портер, Деметриус Андраде, Джош Тейлор сияқты үздік боксшылармен спарринг өткіздім, тіпті әуесқой боксшы болған кезде Эдгар Берланганы жеңдім”, – деді Кордейл.

Айта кетейік, Кордейл Букердің кәсіпқой рингтегі рекорды – 23-1. Ол 11 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған. Ал Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 15 жекпе-жегінде де жеңіске жетіп, оның онында қарсыласын нокаутпен ұтқан болатын.

Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғауы керек болған. Бірақ қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсті. Осылайша жекпе-жек өтпей қалды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар