Алматылық “Қайрат” пен Қазақстан жастар құрамасының орталық қорғаушысы Александр Широбоков беларусьтік “Славия-Мозырь” сапына қосылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Ухо” телеграм-арнасының ақпараты бойынша, Широбоков маусым соңына дейін жалға берілді.
21 жастағы қорғаушы осы маусымда “Қайрат” сапында Қазақстан Премьер-лигасында жеті матчқа қатысқан болатын. Лига кубогында “Ақжайық” қақпасына гол соққан.
7