Париж Олимпиадасында жүлде алған спортшылардан коронавирус инфекциясы табылған, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бұл туралы Кazinform тілшісіне ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп айтып берді.
«Коронавирус инфекциясы 3 спортшы (үшеуі де жүлдегер – ред.) мен 2 бапкерден анықталды. Жалпы спортшыларды тексеру барысында олардың ПТР тесті оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 вирусы анықталды. Үш спортшының үшеуі де Париж Олимпиадасынан жүлдеге қол жеткізген спортшылар. Қазір олар оқшауланып, ем-дом қабылдауда. Жағдайлары жақсы. Вирус жеңіл формада өтуде. Тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз. Құраманың қалған мүшелері дін аман», – деді Диас Ахметшәріп.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 15 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесеуі кейінге шегерілген болатын.