Испания құрамасы Еуро-2024 финалына шықты

Испания құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Еуро-2024 жартылай финалында Испания мен Франция құрамалары кездесті. Матчтағы барлық гол бірінші таймда соғылды. 9-минутта Килиан Мбаппенің әуелетіп берген пасын Рандаль Коло-Муани баспен голға айналдырды.

Бірақ көп ұзамай испандар алға шықты. 21-минутта Ламин Ямаль гол соқса, төрт минуттан соң Дани Ольмо көзге түсті.

Ал ойынның екінші таймында гол соғылған жоқ – 2:1, Испания құрамасы жеңіп, финалға жолдама алды.

Енді Испания құрамасы финалда Нидерланд – Англия матчының жеңімпазымен кездеседі.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар