58 жастағы чилилік Чжиин Цзэн Париж Олимпиадасына қатысады, ол үстел теннисінен жарыста бақ сынайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
The Guardian мәліметінше, Цзэн – 2023 жылы Панамерикалық ойындардың қола жүлдегері. Ол Қытай тумасы, бірақ 1989 жылдан бері Чилиде өмір сүреді және сол елдің атынан өнер көрсетеді.
Париждегі додада Цзэн Олимпиададағы дебютін өткізеді.
“Менің жасымда қиналып емес, қуанып ойнау керек. Бұл Чилиді жақсы көреміз. Қытайда жетпеген арманыма осында жеттім. Берілмеу керек”, – деді ол.
Теннисші өз елінде Таня деген атпен танымал.
“Чили жұрты Z әрпіне (Zhiying Zeng) байланысты менің есімімді айта алмайды. Бірақ осында келген басқа қытайлар чилилік атты қолданамыз. Мен Таня деген есімді таңдадым”, – деді Цзэн.
Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз арасында өтеді.
One Response
I don’t think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.