Париж Олимпиадасында Қазақстан туын кімдер ұстап шығады?

Париж Олимпиадасында Қазақстан туын кімдер ұстап шығатыны белгілі болады. Биылғы додада ел байрағын көтеріп шығу боксшы мен жеңілатлетке берілді, деп хабарлайды 2taim.kz.

Жазғы Олимпиадада боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңілатлет Ольга Сафронова ел туын ұстап шығуы мүмкін.

Шымбергенов нұсқасы таңдалған, ал Сафронова жайлы ақпарат әлі расталмады. Бұл жайында Спортты дамыту дирекциясының баспасөз хатшысы Аян Төлеген айтты.

“Иә, үміткерлердің бірі жеңілатлет Ольга Сафронова. Бірақ шешім әлі қабылданбады! Жақын арада өзгеріс болуы мүмкін”, – деп жазды Төлеген.

Асланбек Шымбергенов – бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, 2023 жылы әлем чемпионы атанды, ал 2022 жылы Азия чемпионатында топ жарған. Ал Сафронова 2014 жылы Азия ойындарында топ жарған, 2017 жылы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасы кезінде де боксшы мен жеңілатлет ел туын ұстап шыққан болатын. Ол кезде мұндай міндет Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпаковаға берілген. 2016 жылғы Рио Олимпиадасында тхэквондошы Руслан Жапаров ту ұстаушы болған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар