Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған маңызды саммиттен бас тартып, Еуропа чемпионатына баратын болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
A Haber телернасының ақпараты бойынша, Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының Әзербайжанда өтетін саммитіне қатыспайды. Оның орнына Германияға аттанады, 6 шілдеде футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында өтетін Түркия мен Нидерланд матчын тамашаламақ.
Телеарнаның мәліметінше, президенттің бұл шешіміне түркиялық футболшы Мерих Демиралға қатысты дау да себеп болған. Демирал Австрияға қарсы матч кезінде “Көк бөрі” деп аталатын ұлтшылдар тобымен байланысты ишара көрсеткен болатын. УЕФА тергеу бастап кетті.
Айта кетейік, Түркия құрамасы Еуро-2024 1/8 финалында Австрияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға өткен еді. Енді ширек финалда Нидерландпен күш сынасады.
One Response