Испания құрамасы ешқашан турнир қожайынын жеңбеген. Бүгін Германиямен кездеседі

Испания құрамасы өз тарихында әлем чемпионаты не ЕУРО-да ешқашан турнир қожайынын жеңіп көрмеген. Бүгін испан ойыншылары ЕУРО-2024 қожайыны Германиямен күш сынасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Испания мен Германия матчы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.

“Қызыл фурия” бұған дейін Еуро не әлем чемпионатында ешқашан турнир қожайынын жеңіп көрмеген. Бұл серия 1934 жылғы әлем чемпионатында басталған – ол кезде турнир қожайыны Италияға жол берген еді. Содан бері турнир қожайындарына қарсы 9 рет ойнап, оның сегізінде жеңілген. Тек бір мәрте тең түсті – 1980 жылғы Еуропа чемпионатында Италиямен:

0-1 vs Италия (ӘЧ-1934)
1-6 vs Бразилия (ӘЧ-1950)
0-0 vs Италия (Еуро-1980)
0:2 vs Франция (Еуро-1984)
0:2 vs Германия (Еуро-1988)
0:1 vs Англия (Еуро-1996)
0-1 vs Оңтүстік Корея (ӘЧ-2002)
0:1 vs Португалия (Еуро-2004)
1:1 (3-4 пен.) vs Ресей (ӘЧ-2018).

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар