Париждің қақ ортасында қазақстандық спортшылардың суреті ілінді

Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Ол Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің аумағында орналасқан. Бұл жайында елшілік сайтында жазылды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Ұлттық комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеде бокс, дзюдо, теннис, таэквондо, семсерлесу, күрес, көркем гимнастика және велоспорт сияқты еліміздің бірқатар спорт түрлері шеберлерінің сүреттері бейнеленген.

Жазғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтеді. Қазақстан спорттың 25 түрінен 81 медаль жиынтығына таласады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар