“Ақтөбенің” вице-капитаны жанкүйерден кешірім сұрады

Конференция лигасында босниялық “Сараевоға” жол берген “Ақтөбе” клубының вице-капитаны Әділхан Таңжарықов жанкүйерлерге жағдай туралы үндеу жолдады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Ол командамен бірге келесі кезеңге өтуді көздегенімен бұл нәтиженің бұйырмағанын алға тартты.

«Бір апта бойы осы ойын туралы ойлаумен болдық. Жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтіп, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді. Өздеріңіз көрдіңіздер, бұл ойында бар күшімізді салдық. Пенальти сериясына дейін бардық. Алайда сәттілік жолдас болмады. Үшінші голды соғып, неге бірден өз қақпамызға жібердік? Қорғаныста дұрыс ойнамаған болармыз, білмеймін. Сол эпизодты қайта қарап, саралауымыз керек. Пенальти? Қарсылас, бәлкім, Қасым, Ромеро және Самородов сияқты ылғи пенальти тебетіндердің соққыларына дайындалған шығар. «Ақтөбе» жанкүйерлерінен кешірім сұраймын. Келесі кезеңге өткіміз келді, бірақ бұйырмады», – деді ол.

Босниядағы ойында «Сараевомен» өткен ойында «Ақтөбе» негізгі уақытта 2:2 есебімен аяқтады. Ақтөбелік клубтан Богдар Вотажелу мен Әділхан Таңжарықов гол соққан еді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз пенальти сериясында 4:3 есебімен есе жіберді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *