Өзбек файтері Алматыда қазақ спортшысын нокаутқа түсірді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 60 мерейтойлық турнирі аясында жанкүйерлер көп күткен жекпе-жектердің бірі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

80 келіге дейінгі аралық салмақта өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) сегізбұрышта қазақстандық ММА ардагері, «Болат аяқ» лақап атымен танымал файтер Махир Мамедовпен (19-3) кездесті.

Тартысты өткен кездесуде өзбек файтері қазақстандық спортшыны нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде UFC файтері Магомед Анкалаевты жеңген қазақстандық Мурад Абдурахманов (10-2) Өзбекстан өкілі Ислам Балтаевпен (4-2) кездеседі.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қырғызстандық «Халк» Исламбек Бақтыбек уулу (7-2) ирандық Акбар Бекияпурмен (4-1) жекпе-жекте ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар