Мбаппе нешінші орында? Ла Лигада жалақысы көп футболшылар тізімі жарияланды

Саpology порталы Ла Лиганың 2024/2025 жылғы маусымында ең көп жалақы алатын футболшылар тізімін жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Рейтингте “Барселонаның” нидерландтық жартылай қорғаушысы Френки де Йонг көш бастап тұр, оның жалақысы – жылына 37,5 миллион еуро.

Екінші орында каталониялықтардың тағы бір ойыншысы тұр. Польшалық шабуылшы Роберт Левандовскидің жылдық жалақысы – 33,3 миллион еуро. Үздік үштікті «Реал Мадридтің» жаңа ойыншысы, франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе түйіндеді. Ол жылына 31,3 миллион еуро жалақы алады.

Айта кетейік, үздік ондыққа мадридтік команданың тағы 5 ойыншысы енді: Давид Алаба (4-орын), Джуд Беллингем (6), Винисиус Джуниор (7), Федерико Вальверде (9) және Тибо Куртуа (10). Рейтингте бесінші орында «Атлетико Мадрид» қақпашысы Ян Облак тұр. Сегізінші орында – «Барселона» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар