Париждегі Олимпиада ойындары алдында Израиль спортшылары қорқыту-үркіту хаттарын ала бастады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Израильдік Walla басылымының ақпараты бойынша, спортшыларға Олимпиадаға бармаңдар деген хат жеткен.
“Парижде сендерді қарсы алмаймыз. Егер келсеңдер, біз сендерге кез келген жерде зиян келтіреміз, біз Мюнхен 1972-ні қайталаймыз”, – делінген хат бірнеше израильдік спортшыға келген.
Айта кетейік, 1972 жылы 5 қыркүйекте Мюнхендегі Олимпиада ойындары кезінде палестиналық “Қара қыркүйек” радикал тобы лаңкестік әрекет жасаған болатын. Салдарынан Израиль командасының 11 мүшесі қаза тапқан еді.
17