Бір жылдан аса жекпе-жек өткізбеген боксшы рингке оралады

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (15-2, 6 КО) кәсіпқой рингке оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бұл жайында IRFIN PROMOTIONS компаниясы ақпарат таратты.

“Бәріне белгілі Руслан Мадиев рингке оралады!

Көбі оны Golden Boy Promotions ивенттері аясындағы жекпе-жектерімен біледі, қазақстандық боксшы екі титулды және бір рейтингілік жекпе-жек өткізген. Мадиев кәсіпқой рингтегі 17 жекпе-жектің 15-інде жеңіске жетті. Дебютінен бөлек кездесуінің бәрін АҚШ-та өткізді. Қарағандылық боксшының жекпе-жектерін ESPN, HBO және АҚШ-тың басқа да үлкен телеарналары көрсеткен”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мадиев кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы наурызда өткізген еді. Ол кезде мексикалық Хуан Хименесті нокаутқа түсірген болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар