Неймар Роналдуды артта қалдырды

Transfermarkt порталы трансферлер сомасы бойынша ең қымбат футболшыны атады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Рейтингте саудиялық “Әл-Хиләлдің” бразилиялық жұлдызы Неймар тұр. “Барселона” мен “Пари Сен-Жерменнің” бұрынғы ойыншыны клубтар үлкен сомаға сатып алған. Жалпы трансферлерінің құны – 400 млн еуро.

Екінші орында бельгиялық Ромелу Лукаку тұр. Шабуылшы өз карьерасында бірнеше топ-команданы ауыстырған. Форвард үшін клубтар жалпы 339 миллион еуро жұмсаған.

“Әл-Насрда” доп тебетін 39 жастағы Криштиану Роналду – үшінші орында. “Манчестер Юнайтед”, “Реал Мадрид” пен “Ювентустың” экс-жұлдызы үшін клубтар 247 миллион еуроға шығындалған.

Transfermarkt рейтингіне енген футболшылар: Усман Дембеле, Альваро Мората, Антуан Гризманн, Филиппе Коутиньо, Килиан Мбаппе, Анхель ди Мария және Златан Ибрагимович.

Айта кетейік. бұл тізімде аргентиналық Лионель Месси жоқ. Себебі “Барселона” мен ПСЖ-дан еркін агент ретінде кеткен.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар