Анчелотти “Реалдан” қашан кететінін айтты

“Реал Мадридтің” бас бапкері Карло Анчелотти мадридтік клубтан қай жағдайда кететінін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Қашан тоқтайтынымды білмеймін. “Реал” менен шаршаған кезде енді не істейтінімді ойлануым керек. Ұлттық құрамаларды жаттықтырғым келмейді, маған күнделікті жұмыс ұнайды”, – деп келтірді бапкердің сөзін Sky Sport.

65 жастағы Анчелотти “Реалды” 2021 жылдан бері жаттықтырады. 2013-2015 жылдары да мадридтік ұжымда жұмыс істеген.

Оның карьерасында “Эвертон”, “Наполи”, “Бавария”, “Пари Сен-Жермен”, “Челси”, “Милан”, “Ювентус”, “Парма” және “Реджана” болған.

Анчелоттидің “Реалмен” келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымында аяқталады.

“Реалмен” бірге Ла Лига (2), Испания кубогы (2) мен Суперкубогын (2), Чемпиондар лигасы (3), УЕФА Суперкубогы (2) мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын (2) жеңіп алды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *