Кәрім Бензема “Алтын допқа” кім лайық екенін айтты

“Әл-Иттихад” шабуылшысы Кәрім Бензема 2024 жылы “Алтын допқа” кім лайық екенін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бенземаның пікірінше, үздік футболшы жүлдесін “Реал Мадрид” жұлдызы Винисиус Жуниор еншілеуі қажет.

“Винисиус осындай маусымнан кейін “Алтын допқа” дайық – биылғы әрекеттері үшін ғана емес, былтырғы үшін де. Ол мінсіз футболшы”, – деп келтірді Бенземаның сөзін Marca.

Еске салайық, Винисиус өткен маусымда “Реал Мадрид” сапында 39 матчқа қатысып, 24 гол соқты, 11 нәтижелі пас берді. Клубпен бірге Испания чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алған еді.

«Алтын доп» рейтингі: көшбасшы енді Винисиус емес

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар