«Қайрат» футбол клубы ресейлік 28 жастағы қорғаушы Егор Сорокинмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалды.
Егор санкт-петербургтік СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіпқой деңгейде «Тосно», «Рубин», «Нефтехимик» пен «Краснодар» командаларында өнер көрсетті. Соңғы командасымен ол РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.
2016 жылғы маусымды Сорокин «Ақтөбе» сапында өткізді. Қорғаушының кейінгі клубы «Елімай» болды. Ол командаға 2024 жылғы наурыз айында қосылған болатын. Семейлік команда сапында ол барлық турнирде 12 матч өткізді.
Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матчқа қатысқан еді.
3