Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду “паразит маркетинг” салдарынан 2024 жылғы Еуропа чемпионатынан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
The Sun ақпараты бойынша, 39 жастағы шабуылшы WHOOP фитнес-компаниясымен әріптестігі үшін жазалануы ықтимал. Бұл компания футболшының Словенияға қарсы ойында жүрек соғысы жайында ақпараттар берген.
Осылайша, фитнес-компания турнирмен ресми демеушілік келісімсіз өз жарнамасын жасауға тырысқан. Жазалау мәселесі бойынша әлі нақты шешім қабылданбады.
Роналду 2024 жылғы Еуропа чемпионатында төрт матч өткізіп, бір гол пасын шығарды.
Бүгін оның құрамасы ширек финал аясында Франциямен кездеседі. Матч 6 шілдеге қараған түні 00:00-де басталады. Ойын Гамбургтегі «Фолькспаркштадионда» өтеді. Кездесуді QazSport пен Qazaqstan телеарналары көрсетеді.
Португалия – Франция: аңыз бен жаңа жұлдыз. Болжам
One Response
Thank you for your sharing. I am worried that I lack creative ideas. It is your article that makes me full of hope. Thank you. But, I have a question, can you help me?