Париж Олимпиадасында бокс турнирінің алғашқы жекпе-жектерін қазақстандықтар қай телеарнадан тамашалайтыны белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бокста 1/16 финал кездесулерін сенбі мен жексенбіде “Хабар” мен “Ел Арна” телеарналары көрсетеді.
Сенбі: 18:30 – “Ел Арна”; 23:00 – “Хабар”;
Жексенбі: 14:00 – “Хабар”, 18:30 – “Ел Арна”, 23:00 – “Хабар”.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы кестесі жарияланған болатын.
Қазақстанның ерлер құрамасында жеті боксшы Олимпиадаға жолдама алды: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Коңқабаев (92 кг жоғары).
Ал әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (75 кг) өнер көрсетеді.