Суперкомпьютер Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарында қанша медаль жеңіп алатынына болжам жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Gracenote суперкомпьютерінің болжамы бойынша, Қазақстан Париж Олимпиадасында он медаль жеңіп алады: екі алтын, бір күміс және жеті қола. Осылайша, медальдар кестесінде 26-орында тұрады.
Компьютер өз болжамын спортшылар мен командалардың соңғы нәтижелерін сараптау арқылы жасайды.
Gracenote үздік ондық мынадай болады деп болжаған: АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Аустралия, Жапония, Италия, Германия, Нидерланд және Оңтүстік Корея.
Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады.
19