Қытайлық спортшы Олимпиадада ерекше есіммен өнер көрсетеді

Биылғы Олимпиада ойындарына “брейкинг” деп аталатын жаңа спорт түрі енгізілді. Аталмыш спорт түрінен қытайлық спортшы Лю Циньи өз атын өзгертіп, ерекше есіммен қатысқалы жатыр. Бұл туралы “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Bild мәліметінше, брейкинг спортынан сынға түсетін аспан асты елінің өкілі Лю Циньи өзінің аты-жөнін “671” деген санға өзгертті. Егер ол Олимпиада ойындарында жүлдеге ілігетін болса, арнайы тақтайшада спортшының аты емес, 671 деген сан шығады. Яғни қытайлық спортшының Олимпиададағы жаңа есімі 671 деп аталады.

Лю Циньидің жүлде алу мүмкіндігі өте жоғары, өйткені ол 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, 2023 жылғы Азия ойындарында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, көпшілік тағатсыздана күткен Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан атынан 25 спорт түрінен 80 спортшы сынға түседі.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *