Англиялық “Манчестер Сити” мен шотландиялық “Селтик” жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Матч АҚШ-та болды. “Қалалықтар” үзіліске 1:3 есебімен жеңіліп кеткен, бірақ екінші таймда таразы басын теңестіре алды. Дегенмен шотландиялық клуб төртінші голын соғып, жеңіске жетті.
“Селтик” сапында Николас-Геррит Кюн (13, 36-минуттарда) дубль жасаса, Кего Фурухаси (44) мен Луис Пальма (68) бір голдан салды. “Манчестер Сити” құрамынан Оскар Бобб (33), Максимо Перроне (46) мен Эрлинг Холанд (57) көзге түсті.
Енді “Манчестер Сити” 28 шілдеде “Миланмен” жолдастық матч өткізеді. Ал “Селтик” сол күні “Челсимен” күш сынасады.
9