МЮ мен «Бавария» трансфер бойынша келісе алмай жатыр

«Манчестер Юнайтед» пен «Бавария» қорғаушы Маттейс де Лигттің трансфері бойынша әлі келісімге келе алмады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, «Манчестер Юнайтедтің» барлық ұсыныстары 40 миллион еуродан аспаған, ал «Бавария» 50 миллион және қосымша бонустар талап етуі мүмкін.

Бұған дейін «Бавария» президенті Ули Хенесс 24 жастағы футболшы осы жазда «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін екенін айтқан болатын.

2023/24 маусымында голландиялық қорғаушы мюнхендік клуб сапында 30 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Де Лигттің «Бавариямен» келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншыны 65 миллион еуроға бағалап отыр.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар