Олимпиада ойындары бүгін ерлер арасындағы футболмен басталады

Парижде өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары ерлер арасындағы футболмен басталады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл ойындар Бордо, Марсель, Лион, Нант, Ницца және Сент-Этьен қалаларында өтғеді.

Онда 23 жасқа дейінгі футболшылардан құралған құрамалар бақ сынайды. Сондай-ақ ол жастан асқан үш ойыншының жарысқа қатысуына болады. Ал қыздарда мұндай шектеу жоқ.

Ерлерде 16 құрама төрт топқа бөлінген:

А тобы: Франция, Гвинея, АҚШ, Жаңа Зеландия
В тобы: Аргентина, Марокко, Ирак, Украина
С тобы: Өзбекстан, Испания, Мысыр, Доминикан Республикасы
D тобы: Жапония, Парагвай, Мали, Израиль.

Бүгін «Qazsport» телеарнасынан 4 ойын көрсетіледі. Алдымен 17:50-де Өзбекстан мен Испания, 19:50-де Мысыр мен Доминикан Республикасы, 21:50-де Ирак пен Украина, 23:50-де Франция мен АҚШ жасыл алаңға шығады.

Қыздарда 12 құрамалары сынға түседі. Олардың топтарға бөлінуі құрамалар төмендегіше:

А тобы: Франция, Колумбия, Канада, Жаңа Зеландия
В тобы: АҚШ, Замбия, Германия, Австралия
С тобы: Испания, Жапония, Нигерия, Бразилия.

Ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар