Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев карьерасын “Тобылда” жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Серый Cardinal телеграм-арнасының ақпараты бойынша, Зуевке “Ақтөбе” де қызығушылық танытқан, бірақ футболшы “Тобылды” таңдады. Бұған футболшының 1996 жылы Қостанайда дүниеге келгені де себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, Зуев Қостанайда туғанымен, 2005 жылы оның отбасы ресейлік Челябинскіге қоныс аударған. Сол жақтан мәскеулік “Чартаново” академиясына түскен.
Зуев былтыр Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық командаға шақырыла бастаған еді. Ол өз карьерасында сербиялық ИМТ, ресейлік “Крылья Советов”, “Химки”, “Рубин”, “Ростов” және “Спартак” сапында ойнады.
Одан бөлек, Зуев Ресей құрамасымен бірге жасөспірімдер арасындағы Еуро-2013 турнирінің жеңімпазы атанған.