Мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альварес рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
ESPN инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Альварес келесі жекпе-жегін америкалық Эдгар Берлангаға (22-0, 17 КО) қарсы өткізеді. Олар 14 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады.
Қазір екі тарап келісімге келуге жақын.
Еске салайық, Альварес кейінгі рет биыл мамырда жекпе-жек өткізіп, отандасы Хайме Мунгияны (43-1, 34 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ал Берланга ақпанда ирландиялық Пэдрэйг Маккрориді (18-1, 9 КО) нокаутпен жеңген еді.
11