2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды

2030 жылы XXVI қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша, 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Франциядағы Альпі тауларында өтетін болды. Осылайша Франция төртінші рет қысқы Олимпиада ойындарын қабылдамақ.

Бұған дейін 1924 жылы Шамони, 1968 жылы Гренобль және 1992 жылы Альбервиль сияқты Франция қалаларында қысқы ойындар болған. Айта кетейік, 2026 жылы ақ Олимпиада Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Cоңғы рет қысқы Олимпиада 2022 жылы Қытай астанасы Бейжіңде жалауын түрген еді. Бұл додада Қазақстан құрамасы бірде-бір жүлде еншілей алмай, жалпы есепте 51-орынға жайғасты.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *