Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аясында футболдан Испания мен Өзбекстан құрамалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
С тобындағы матчта Испания 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің 29-минутында Испания құрамасының қорғаушысы Марк Пубиль есеп ашты. Ал Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов матчтың 45+3-минутында пенальтиден есепті теңестірді. ойынның 62-минутында Серхио Гомес гол соғып, испаниялықтарды алға шығарды.
С тобында Испания, Өзбекстан, Египет және Доминикан Республикасы құрамалары өнер көрсетеді. Египет пен Доминикан Республикалары бүгін кездесу өткізеді.
Айта кетейік, осы матч Өзбекстан үшін тарихи болды – бұл елдің футбол командасы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр. Испания құрамасына болса, финалда Бразилиядан ұтылып, соңғы Олимпиада күміс жүлдегер атанған болатын.