ЕУРО-да жаңа дау. Турнирде секс-шоп жарнамасы жарияланған

2024 жылғы Еуропа чемпионатында жанжал шықты, себебі турнирде секс-шоп жарнамасы жарияланған, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қытайлық BYD деп аталатын автокөлік өндіретін компания ЕУРО-2024 ұйымдастырушыларынан өз электркарларына жарнама сатып алған. Олардың жарнамасын әр матчта көрсетіп жатыр. Бірақ бір проблема пайда болды: BYD компаниясының веб-сайты халықаралық “.com” доменімен жазылған. Ал Германияда “.de” домені қолданылады.

Ал Германияда BYD.de деп аталатын бөлек сайт бар екен – ол Buy Your Dildo секс-шоп болып шықты. Неміс жанкүйерлері Еуродағы жарнаманы көріп, электркарларды іздеймін деп сол секс-шопқа тап болған.

Бұл сайтқа кіретіндердің саны тым болып кетіп, дүкен арнайы ескерту де жазып қойған.

“Көптеген өтінімге байланысты: Біз Еуропа чемпионатының демеушісі емеспіз. Қытайлық автокөлік өндірушісін іздесеңіздер, оны www.byd.com сайтынан табасыздар”, – деп жазылаған онлайн-дүкеннің порталында.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *