Аргентина олимпиадалық құрамасының бас бапкері Хавьер Маскерано Париждегі Олимпиада ойындарының ұйымдастырушыларын сынға алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Аргентиналықтар кеше Мароккодан 1:2 есебімен жеңілген болатын. 106-минутта Маскерано шәкірттері таразы басын теңестірген еді, трибунада қақтығыс болып, ойын тоқтатылған. Кейін қайта жалғасқан кезде Аргентинаның екінші голы есепке алынбай қалды.
“Кеше бізді тонап кетті. Тьяго Альмаданың заттарын ұрлап кеткен. Олар біздек тек құжат сұрай береді, кейін мынадай жағдайлар болып жатыр. Фанаттар алаңға жеті рет жүгіріп шығып, кейін бізге петарда лақтырды.
Бізге ойын 2:2 есебімен аяқталды деді. Біз де, Марокко да ойнағысы келген жоқ. Біз аудандық турнирде емес, Олимпиада ойындарындамыз. Мұндай жағдай болмауы керек”, – деп келтірді Маскераноның сөзін TyC Sports.
Аргентина құрамасы енді келесі матчын 27 шілдеде Иракқа қарсы өткізеді.