Париж Олимпиадасы: теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

2024 жылғы Париж Олимпиадасында үлкен теннистен жеребе тартылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Olympic.kz ақпараты бойынша, Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші кездесуін румыниялық Критиан Жаклинге қарсы өткізеді.

Юлия Путинцеваның қарсыласы – украиналық Марта Костюк.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик америкалық Тэйлор Фрицпен ойнайды. Ал Александр Шевченконың қарсыласы – чехиялық Якуб Меншик.

Жұптық сындағы қазақстандық теннисшілердің қарсыластары:

Бублик/Недовесов (Қазақстан) – Попырин/Де Минаур (Австралия)

Париж Олимпиадасындағы теннис бәсекесі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында “Ролан Гаррос” стадионында өтеді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар