Олимпиадаға қатысатын қазақ боксшысына пәтер берілді

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа Қызылорда қаласынан пәтер сыйға тартылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қызылорда облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 32 жастағы боксшы пәтер кілтін өңір әкімімен кездесуде алған.

Айта кетейік, Қоңқабаев Париждегі Олимпиадаға қатысуға лицензия алған тұңғыш қазақ боксшысы болған. Боксшы Азия ойындарында финалға дейін жетіп, төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама алған еді.

Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Әлем чемпионатының жеңімпазы, күміс жүлдегері (2014, 2017 ж.), Азия чемпионатының 4 дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021, 2022 ж.), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2021 ж.), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2023 ж.).

2024 жылғы Олимпиада Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бокстан Қазақстан құрамасы Францияға 10 спортшы алып барады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар