Елена Рыбакина Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайды. Қазақстан теннис федерациясы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Дәл қазіргі уақытта Елена жіті бронхитпен ауырып жүр, дәрігерлер оған кортқа шығуға ғана емес, жарыстарға ұшуға да үзілді-кесілді тыйым салды. Рыбакина Олимпиадада жоғары деңгейде ойын көрсетуге үміттеніп, ойындарға белсенді дайындалып еді, бірақ ауруына байланысты қатыса алмайды”, – делінген хабарламада.
Рыбакина жазғы Олимпиадада жекелей және микст сында өнер көрсетуі керек еді.
11
3 Responses