“Астана” Конференция лигасында жеңісті сақтап қала алмады

“Астана” УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Елордалық клубтың алғашқы қарсыласы молдавалық “Милсами” болды. Ойын Молдавада өтті.

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 57-минутында “Астана” алға шықты. Назми Грипши қанжығасын майлады.

Бірақ кездесудің соңына қарай алаң иелері таразы басын теңестіріп кетті. 90-минутта Дэнни Кой Лупано бұрыштамадан көзге түсті.

Енді қарымта матч 1 тамызда Алматыда өтеді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар