Елена Рыбакина енді қай турнирге қатысады?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париждегі Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқаннан кейін қай турнирге баратыны айтылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Tennis.com ақпараты бойынша, Рыбакина тамызда Канададағы турнирге қатысады.

“Рыбакина 2024 жылы сырқатына байланысты бірнеше турнирге қатыса алмады. Олимпиададан бөлек, Индиан-Уэллс, Рим және Истборнда солай болды. 25 жастағы теннисші соңғы рет Уимблдонда өнер көрсетіп, жартылай финалда болашақ чемпион Барбора Крейчиковадан жеңілген. Енді ол Солтүстік Америкадағы хард корттарына ауысады, 6 тамызда Торонтода басталатын National Bank Open турниріне қатысады”, – делінген басылым хабарламасында.

Еске салайық, кеше қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сырқаттанып қалуына байланысты Олимпиадаға қатыспайтыны хабарланған болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар