Франция астанасы Парижде алауы тұтанатын Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын 80 спортшының 15-і өзге елде дүниеге келіп, кейін Қазақстанға оралған. Кей спортшыларымыз өзге елде өмірге келгенімен, Қазақстанда өсті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дзюдо
Абиба Әбужақынова — Өзбекстанда дүниеге келген. 2022 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Эсмигүл Куюлова — Өзбекстанда дүниеге келген. 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Бокс
Сәкен Бибосынов — Өзбекстанда дүниеге келген. 2021 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Жеңіл атлетика
Нора Джеруто — Кенияда дүниеге келген. 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. 2022 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Дейзи Джепкемей — Кенияда дүниеге келген. 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Байдаркада ескек есу
Сергей Токарницкий — Украинада дүниеге келген. 2013 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Каноэде ескек есу
Тимур Хайдаров — Өзбекстанда дүниеге келген. Каноэде ескек есуден әлем кубогының жүлдегері.
Теннис
Елена Рыбакина — Ресейде дүниеге келген. 2018 жылдың маусым айында Қазақстан азаматтығын алды. Алайда, ол кеше париж Олимпиадасына қатыспайтыны туралы айтты.
Юлия Путинцева — Ресейде дүниеге келген. 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Бублик — Ресейде дүниеге келген. 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Шевченко — Ресейде дүниеге келген. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Недовесов — Украинада дүниеге келген. 2013 жылы Украинандан ауысып келді.
Еркін күрес
Юсуп Батырмурзаев — Дағыстанда дүниеге келген. 2013 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Триатлон
Екатерина Шаблина — Ресейде дүниеге келген. 2021 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.