Қазақстандық зейнеткер Парижге велосипедпен жетті

Қазақстан ұлттық құрамасының ең адал жанкүйерлерінің бірі, Маңғыстау облысының зейнеткері Раббым Борашев Парижге жетті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі 24KZ сайтына сілтеме жасап.

Оны Салтанат қақпасы алдында бір топ қазақстандық қошеметпен күтіп алды. Ақтаулық велосаяхатшы 2 айын жолда өткізген. Осы уақытта 8 елдің шекарасын кесіп өтіпті.

“Мақсатым – Олимпиада қарсаңында ұлттық құрама спортшыларына қолдау білдіру”, – дейді қария.

Жетістігін қазақстандық олимпиадашыларға арнауы да сондықтан. Раббым Борашев – құрылыс саласының ардагері. Бұл оның алғашқы ұзақ қашықтыққа, велошеруі емес. Бұрын ол Алтайға дейін барған.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *