Ирак дзюдошысы Саджад Ганим Сехен допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін уақытша жарыстан шеттетілді, Париждегі Олимпиада ойындарында алғаш рет допинг сынамасы оң нәтиже берді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) баспасөз қызметінің мәліметінше, Саджадтың 23 шілдедегі допинг-сынамасы оң нәтиже берген.
Дзюдошы Олимпиадада өнер көрсете алмайды, себебі спортшы уақытша жарыстан шеттетілген. Бірақ ол бұл шешімге қарсы Спорт арбитраж сотына жүгіне алады. Сондай-ақ спортшыда Б сынамасының нәтижелерін сұрау құқығы бар.
Ойындардың ашылу салтанаты бүгін Францияда өтеді.
4