Олимпиада кестесі: 27 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 27 шілдеде қазақстандықтар сегіз спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бұл күні жүлдеге үміткерлер жарыс жолына шығады. 2016 және 2020 жылдары Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов пен өз салмағында медальға таласуы мүмкін Әбиба Әбужақынова сынға түседі.

Велоспорттан Евгений Федоров жекелей жарысқа шығады. Федоров “Тур де Франста” жарақат алған Алексей Луценконы алмастырған еді.

Александр Бублик пен Юлия Путинцева теннис турниріндегі алғашқы матчын өткізеді.

Боксшыларымыздан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғаш болып рингке шығады.

Сонымен қатар, бұл турнирде футбол, гандбол, баскетбол, волейбол және регби матчтары, жүзу, семсерлесу, есу слаломы мен скейтбординг жарыстары басталады.

27 шілде кестесі

Академиялық ескек есу
12:00. Ерлер. Жекелей
Владислав Яковлев
Трансляция: QazSport

Оқ ату
12:00. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. Микст
Арина Алтухова/Константин Малиновский, Александра Ле/Ислам Сатпаев

13:30. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. Ерлер
Никита Чирюкин
Трансляция: “Хабар”

15:30. 10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. Әйелдер
Ирина Юнусметова

Дзюдо
13:00. Әйелдер, 48 кг
Әбиба Әбужақынова
13:00. Ерлер, 60 кг
Елдос Сметов
19:00. Финалдар
Трансляция: Qazaqstan

Спорт гимнастикасы
14:00. 18:30. 23:00. Іріктеу. Ерлер
Милад Карими, Нариман Құрбанов
Трансляция: “Ел Арна” (14:00; 23:00), “Хабар” (18:30)

Теннис
Ерлер. Бірінші айналым
15:00. Александр Бублик – Тэйлор Фриц (АҚШ)

Әйелдер. Бірінші айналым
15:00. Юлия Путинцева – Мата Костюк (Украина)

Велоспорт
19:32. Жекелей жарыс. Ерлер
Евгений Федоров
Трансляция: QazSport

Үстел теннисі
Жекелей сын. Бірінші айналым
00:30. Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили)

Бокс
Ерлер, 63,5 кг. 1/16 финал
00:52. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
Трансляция: “Хабар” (Кешкі сессия, 23:00-ден бастап)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

5 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар