ФОТО: Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты

Парижде жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар дәстүрлі форматтан айналып өтіп, ашылу салтанатын Сена өзенінің үстінде өткізуде, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа қатысушы елдер шеруі арнайы қайықтардың үстінде ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасы Жапония, Иордания және Кения мемлекеттерімен бір қайықта жүзіп өтті.

Ашылу салтанатын тамашалауға келген қонақтар қатарында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар. Ол еліміздің көк туын көтеріп, спортшыларды қолдауға арнайы келді.

Салтанатты рәсімде Қазақстан байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шықты.

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 25 түрінен 80 атлет қорғайды.

ФОТО: Сали Сабиров, Владислав Семенов

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *