Испания құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
ЕУРО-2024 ширек финалында Испания турнир қожайыны Германиямен кездесті. Матч есебін испандар ашты. 51-минутта Ламин Ямальдің пасынан кейін Дани Ольмо гол соқты.
Матч соңына қарай Германия құрамасы қыспаққа алып, ақыры таразы басын теңестіре алды. 89-минутта Флориан Фирц қанжығасын майлап, ойынды овертаймға ауыстырды.
Ал кездесудің 120-минутында Испания жеңісті жұлып әкетті – Микель Мерино баспен соққы жасап, әуедегі допты қақпада тулатты.
Осылайша, турнир қожайындары үшін ЕУРО аяқталды. Одан бөлек бұл жартылай қорғаушы Тони Кроостың карьерасындағы соңғы матч болды.
Енді Испания жартылай финалда Португалия мен Франция матчының жеңімпазымен кездеседі.
5 Responses
Your article helped me a lot, is there any more related content? Thanks!
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.
Can you be more specific about the content of your article? After reading it, I still have some doubts. Hope you can help me.
Can you be more specific about the content of your article? After reading it, I still have some doubts. Hope you can help me.