Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
48 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Әбиба Әбужақынова швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Әбиба алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен жекпе-жек өткізіп, 1:0 есебімен басым түскен еді. 1/8 финалда Әбужақынова Тайпей өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта “иппон” әдісімен жеңген еді. Ширек финалда ол испаниялық Лаура Мартинеске есе жіберіп алды. Ал жұбаныш белдесуде Әбиба парагвайлық Габриела Нарваэспен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.
39
One Response