Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында финалдық белдесуін өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

60 келіге дейінгі финалда Сметов франциялық дзюдошы Лука Мхеидзеді жеңіп, Олимпиаданың алтын жүлдегері атанды.

Бұған дейін Сметов алғашқы кезеңде Нидерланд спортшысы Торнике Чкадуаны, 1/8 финалда украиналық Дильшот Халматовты жарыс жолынан шығарған еді. Ширек финалда Елдос тайпейлік Янг Юнг Вейді вазари әдісімен жеңген болатын. Ал жартылай финалда Сметов испаниялық Франсиско Гаррисоннан басым түсті.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

3 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар