Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
63,5 келі салмақтағы жекпе-жекте Мұхамедсабыр испаниялық боксшы Ойер Конде Ибарречемен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Еске салайық, Қазақстанның ерлер құрамасында жеті боксшы Олимпиадаға жолдама алды: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Коңқабаев (92 кг жоғары).
20
4 Responses