“+ медаль, – боксшы”. 28 шілдеде Париж Олимпиадасы қалай өтті?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 28 шілдеде қазақстандықтар сегіз спорт түрінде бақ сынап жатыр. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 28 шілдедегі нәтижесін ұсынады.

Олимпиаданың екінші күні бізге тағы бір қола медаль сыйлады. Оны дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жеңіп берді. Сонымен қатар, мерген Александра Ле 10 метрден пневматикалық винтовкамен атуда финалға жолдама алды.

Бір өкініштісі, Қазақстанның туын ұстаушы Асланбек Шымбергенов бокс турнирінің 1/16 финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды. Ал Назым Қызайбай Олимпиададағы дебютін жеңіспен бастады.

Бадминтон
Ерлер. Жекелей, топтық кезең
Дмитрий Панарин – Нишимито Кента (Жапония) 0:2 (5:21, 11:21)

Оқ ату
10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. Әйелдер
Александра Ле – іріктеуде 6-орын (631.4), финалға шықты
Арина Алтухова – іріктеуде 17-орын (627.7), финалға өтпеді

10 метрден пневматикалық винтовка. Іріктеу. Ерлер
Ислам Сәтбаев – іріктеуде 21-орын (628.0), финалға өтпеді
Константин Малиновский – іріктеуде 32-орын (626.6), финалға өтпеді

Академиялық ескек есу
Жекелей. Жұбаныш жарысы.  Ерлер
Владислав Яковлев – өз тобында 4-орын (7:21.12), E финалына шықты

Дзюдо
13:00. Ерлер, 66 кг
Ғұсман Қырғызбаев:
1/16 финалда Давид Гарсия Торнені (Испания) жеңді
1/8 финалда Ан Ба Ульді (Оңтүстік Корея) жеңді
1/4 финалда Валид Хярді (Франция) жеңді
1/2 финалда Виллиан Лимадан (Бразилия) жеңілді
Қола медаль үшін белдесуде Страхиня Бунчичті (Сербия) жеңді

Семсерлесу
13:00. Ерлер, жекелей шпага
Вадим Шарлаимов:
1/32 финалда Харри Санерді (Оңтүстік Африка) жеңді – 15:9
1/16 финалда Янник Борелден (Франция) жеңілді – 13:15

Руслан Құрбанов:
1/16 финалда Хуссам Элкордты (Марокко) жеңді – 15:13
1/8 финалда Роман Канонды (Франция) жеңді – 15:10
1/4 финалда Коки Канодан (Жапония) жеңілді – 6:15

Эльмир Әлімжанов:
1/16 финалда Лиуджи Мидельтонды (Франция) жеңді – 15:14
1/8 финалда Федерико Висмарадан (Италия) жеңілді – 13:14

Бокс
Ерлер, 92 кг, 1/8 финал
Айбек Оралбай – Олайтан Адам Олаоре (Нигерия) 5:0, ширек финалға шықты

Ерлер, 71 келі, 1/16 финал
Асланбек Шымбергенов – Зеяд Ишаиш (Йордания) – 2:3, турнирмен қоштасты

Әйелдер, 50 кг, 1/16 финал
Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия) – 4:1

Теннис
25:15. Жекелей сын, 1/32 финал
Александр Шевченко – Якуб Меншик (Чехия) – 0:2 (3:6, 4:6)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

2 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар