Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегін қазақстандық тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Әлімханұлы Жаңа Зеландия боксшысы, міндетті үміткер Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады.

Кездесу 14 шілдеде Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) және Астана уақытымен 06:00-да басталады. Жекпе-жекті тікелей эфирде QazSport телеарнасы көрсетеді. Бұл кеште Жәнібек өз титулдарын қорғайды.

Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қазанда АҚШ-та өткізіп, германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңіп, IBF титулын иеленген еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар