“Осал қарсылас жоқ”. Айбек Оралбай Олимпиададағы қарсыластары туралы

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінен кейін өз әсерін бөлісті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Ол Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде нигериялық Олетен Олаорены айқын басымдықпен (5:0) жеңген еді.

“Олимпиада ойындарына әлемнің үздік 16 боксшысы келеді. Әр қарсыласқа жеке әдіс-тәсіл қолданып, дайындаламыз. Бұл жерде осал қарсылас жоқ. Бірінші жекпе-жек ойдағыдай өтті. Рингті, қарсыласты, залды сезіндім. Жеңісті жалғастыруға бар күшімді саламын. Ел үмітін ақтауға тырысамын. Баршаларыңызға қолдауларыңызға рахмет!”, – деді боксшы QazSport телеарнасына берген сұхбатында.

Олимпиада кестесі: 28 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?

Париж Олимпиадасы: 28 шілдедегі нәтиже. LIVE

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар