Париж Олимпиадасы теннис турнирінің екінші айналымда сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаэль Надаль кездесті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бұл матчта Джокович сенімді жеңді – 6:1, 6:4. Матч бір сағат 43 минутқа созылды.
Новак енді келесі кезеңде Доминик Кепфер (Германия) – Маттео Арнальди (Италия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сербиялық теннисші 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін алған, одан кейін медаль еншілемеді.
Ал Надаль екі дүркін Олимпиада чемпионы – 2008 және 2016 жылдары топ жарған еді.
4